Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде отандық өнімдерді сатып алу күрт азайған - Т. Құлыбаев

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2016
  • 1549

Мемлекеттік және аймақтық сатып алу жүйесінде отандық өнімдерді сатып алу күрт азайған. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлермен кездесуінде айтты. Оның сөзінше, тауар өндірушілер өнімін мемлекеттік сатып алу жүйесіне тарту керек. Бүгінде елімізде отандық өнімдерге сұраныс аз.

Құлыбаевтың айтуынша, тауар өндірушілермен салыстырғанда, дайын өнімге иелік етіп, заттаңба жапсырумен шектелетіндер баршылық екен. Өндірістердің бәсекеге аса қабілетті еместігін тілге тиек еткен президиум төрағасы іскер азаматтарды санмен қоса, өнім сапасына баса мән беруге шақырды. Бұл тұста отандық тауарға сұранысты арттыруда ұзақ мерзімді келісімшарт жасасудың септігі мол болады,- деді Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев, ҚР «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:

Бұл тұста өндіріс орындарын жаңғыртуымыз қажет. Яғни технологияларды жаңарту керекпіз. Тек қана ішкі нарықта емес, Еуразиялық экономикалық одақ аясында, әрі қарай экспортқа шығуға бұл зор мүмкіндік береді. Әрине, бұл қаржылық тапшылық кезеңінде оңай шаруа емес. Ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруды енгізу осы жерде өзіндік пайдасын әкеледі деп ойлаймын. Осы бағытта жұмыс істеу қажет.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ