Русский Сайттың толық нұсқасы

«Елбасы жолы» киноэпопеясының желісімен түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2016
  • 2875

Астанада «Елбасы жолы» киноэпопеясының желісімен түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті. Салтанатты премьерада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның барлық саяси бомонды бой көрсетті.

Кинотуынды Кеңестер Одағы ыдырап, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бой көтерген кезеңін суреттейді. Оқиға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу үшін қазақ жеріне алғаш келген ағылшын жазушысы Джереми Вильсонның батыл қадамынан бастау алады. Президентпен сұхбатқа келіскен қаламгер жас Қазақстанның тұңғыш Президентімен қазақтың кең байтақ жерін аралап қана қоймай, 2015 жылдан елуінші, тарихи 1986, 1991 жылдарға саяхат жасайды. Фильм желісінің әрбір эпизоды - тәуелсіз Қазақстанның, егемен ел Президентінің жолы, өмірбаяны.

Сергей Снежкин, фильм режиссері /Ресей/:

Менің жасым 62-де. Фильм желісінің барлығы менің де басымнан өтті, бұл менің тағдырым. Нұрсұлтан Әбішұлымен жас айырмашылығымыз үлкен емес. Бұл мен кешкен қуаныш-қайғының экранизациясы. Мен Қазақстан халқын осындай басшы бұйырғанымен құттықтаймын. Мен ресейлікпін, не айтып тұрғанымды білемін,  маған сеніңіздерші.

Азамат Сатыбалды, актер:

Менің түсінігімде, актер ретінде, ішкі түйсігім айтады - кино өте жоғары деңгейде шыққан. Өзінің үні бар, өзінің атмосферасы бар. Мен барша қазақстандықтарды, әріптестерімді тағы бір жаңа туындының шығуымен құттықтаймын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ