Батыс Қазақстанда танымал кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірді деген күдікпен 4 азамат қолға түсті. Оларды Зеленов ауданының полицейлері құрықтады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі жасырын дерекккөзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Еске салайық, кәсіпкер Виталий Каркуланы қаңтардың 13-іне қараған түні белгісіз біреулер атып өлтірген еді. Түн ішінде үйге басып кірген қарақшылар, оның әйелі Валентина Каркуланы да аямаған. Ес-түссіз халде ауруханаға түскен әйел ажал аузынан қалды. Ал ішкі істер органдары осы оқиғаға байланысты ақпарат берген адамдарға ірі көлемде сыйақы берілетінін жариялаған.
Еркін ҚАРИН