Шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында мал етін халықаралық деңгейде өңдейтін ірі зауыт ашылады. Бұл отандық мал өнімдерін экспортқа шығаруға үлкен мүмкіндік бермек. Бұл туралы аймақ әкімі Бейбіт Атамқұлов «100 нақты қадам - ұлт жоспарының» орындалуы туралы өткен брифингте айтты.
Биыл өңірде құс етін өңдеу көлемін төрт есеге арттыру мақсаты тұр. Сондықтан үш бірдей құс өсіру кешенін іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, екі ет өңдеу комбинатын іске қосып, ірі және ұсақ мал етін өңдеуді екі жарым есеге арттырамыз, - деді өңір басшысы.
Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Аталған өндірістерді іске қосу - облыстың ет өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан және Иран елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. Көрші мемлекеттерге экспортқа шығу үшін заманауи осы әлемге сай жабдығымен сондай завод салуымыз керек.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ