Чили тұрғындары қала көшелерінде ашық майдан ұйымдастырды. Қару-жарақ ретінде кәдімгі қызанақ алынды.
Шараға қатысушылар бір-бірін піскен қызанақтармен атқылап, күлкіге қарық болды. Ойынның шарты бойынша алдымен қызанақты қолда езіп алу керек. Бұл бет-ауызды көгеруден сақтау үшін қойылған талап.
Ұйымдастырушылар мұндай ұрыстар адамдардың күйзелістерін кетіреді деп санайды. Шараға 40 тонна көкөніс кетті. Қызанақ өсірумен айналысатын шаруалар шіріген, не жұмсарып қалған өнімдерін қуана-қуана таратып берді. Дәстүрге айналған шара жыл сайын елге миллиондаған туристті тартып отыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ