«Байқоңыр» ғарыш айлағының басшысы Евгений Анисимов қызметінен кетті. Ресми дерек бойынша, ол жеке себептермен орын тағын босатқан. Алайда «Коммерсантъ» басылымы Анисимовтың «Роскосмос»-қа жаңадан тағайындалған басшылыққа жақпаған деп жазып отыр.
Басылым, бірер күн бұрын ғарыш айлағы басшысын «Роскосмос» басшысы Олег Остапенко Мәскеуге шақырып алып, кейін тіпті қабылдамай қойғанын жазды. Іле-шала 54 жастағы Евгений Анисимов қызметінен кететіндігін баяндап, өтініш жазған. Мұны «Роскосмос»-тың баспасөз қызметі де растап отыр.
Сенімді дереккөздердің пайымдауынша, Евгений Анисимов қызметінен кетуге ықылас білдірмеген. Айта кетейік, ол «Байқоңыр»-да отыз жылдай қызмет еткен.
Әлия ӘШІМ