Ал зейнетақы қорының активтерін инвестициялау ісі 2016 жылдың соңында бекітіледі. Қазір бірқатар механизмдері пысықталып жатыр. Бүгін сенатта өткен жиында Ұлттық банк төрағасының тағы бір орынбасары осындай ақпаратты жеткізді. Активтердің нақты қанша пайызы отандық компанияларға берілері әзірге белгісіз. Бірақ қалай болғанда да, негізгі басқару Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының еншісінде қала бермек.
Дина Ғалиева, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
Бұл тікелей Елбасының тапсырмасы. Қазір біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қай компанияның қаншалықты үлес салмағы болатыны белгісіз.
Құралай ПИОНЕР