Ресейлік актер Алексей Панин Көкшетаудағы мас қылықтары үшін 3704 теңге айыппұл төлеп құтылды.
Айта кетейік, оған алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 336-бабы бойынша іс қозғалған. Оған екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Белгілі болғандай, Алексей Панин 20 ақпанда Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық филармониясында қойылған «Бес в ребро» атты спектаклі алдында сахнада жанжал шығарып, ұйымдастырушыларды балағаттап, тіл тигізген. Салдарынан қойылым тоқтатылып, көрермендерге билет құны қайтарылды.
Жұрағат БАМАН