Украинада мерзімінен бұрын президент сайлауы басталды. 25-ші мамырға белгіленген сайлауға байланысты сайлау науқаны бүгіннен бастау алады.
Ал президент тағына үміткер кандидаттар партиядан немесе өз еркімен берілген ұсыныстар арасынан таңдалады, нақты тізім 30-шы наурызға дейін белгілі болмақ. Ал тіркелу үшін әр кандидат 2,5 миллион гривен төлеу тиіс. Орталық сайлау комиссиясы 15-ші наурызға дейін құрамына 12 адам кіретін 225 аймақтық комиссия мүшесін жасақтайды.
Президент тағына үміткерлер қатарында оппозиция өкілдері Кличко, Тягнибок және Яценюк бар. Және 5-ші арнаның иесі Петр Порошенко да дәмелі. Жоғарғы Рада сайлау өткізу үшін жуырда 2 миллиард гривен ақша бөлді.
Ал дәл осы уақытта Украина Үкіметі қашып кеткен президент Виктор Януковичке іздеу жариялады, сондай-ақ, елдегі жағдайды қалпына келтіріп жатыр.
Сымбат МОЛДАТАЙ