«Қазақалтын» шахтасында кезекті жарылыс. Салдарынан бір кенші қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы хабарлайды. Оқиға «Қазақалтын тау-кен концерні» ационерлік қоғамына қарасты Ақсу шахтасында болған.
Жойқын жарылыс 32 жастағы шахта үңгушісінің өмірін жалмады. Қазір оқиға орнына Степногор қаласы бас прокурорының орынбасары мен Ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы жөнелтілді. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, апатқа қатысты қылмыстық кодекстің 152 бабы 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге салайық, бұдан бұрын да "Қазақалтын" шахталарында 4 рет жарылыс болып, 3 кенші қаза тапқан.
Әлия ӘШІМ