Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев он бірінші наурызда Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде лекция оқымақ. Бұл - Еуразиялық интеграциялық бастаманың 20 жылдығына орай ұйымдастырылмақ шара, - деп хабарлайды «Север-Юг» саясаттану орталығының орындаушы директоры Алексей Власов.
Лекция институттың Азия және Африка елдерінің императорлық залында өтеді. Тақырып «Еуразиялылық: Диалогтан бірлескен әрекетке» деп аталады. Жиыннан кейін ашық алаң ұйымдастырылып, 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев көтерген Еуразиялық интеграциялық бастаманың заманауи жағдайы мен келешегі турасында талқылаулар болады деп күтілуде.
Жұрағат БАМАН