Қызылорда облысының әкімдігі тұрғындарға су тасқынынан келген зардап өтемақысын толықтай өтеп бермек.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған ауданы Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, әкім су тасқынының алдын алуға қатысты селекторлық жиын өткізіп, жауапты тұлғаларға тиесілі тапсырмалар берді. Тұрғындармен жүздесуде ол: «Қазіргі таңда өзен жиегінен шыққан жоқ. Алаңдайтын себеп те жоқ. Комиссия залалдың мөлшерін анықтауда. Ауданда екі үй апатты жағдайда тұр. Оларға да көмек көрсетіледі. Қаржылай қиыншылықтар болмайды», - деп сендірді.
Жалпы бүгінде Жаңақорған ауданында су тасқыны қаупі байқалмайды. Мамандар Қаратау етегінен түскен көшкінді жайылымдарға бағыттауда.
Жұрағат БАМАН