Францияда еңбек реформасына қарсы өткен жаппай акция кезінде 24 полиция қызметкері зардап шекті. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, ереуілге жүз мыңдаған адам шыққан.
Қарсылық акциясына Парижден Орлеанға дейінгі бірнеше қала тұрығындары қатысты. Франция астанасындағы Аустерлиц вокзалы маңында ереуілшілер полицияны таспен және бос бөтелкелермен атқылаған. Есесіне сақшылар көз жасаурататын газ қолданды.
Еске салайық, бұл елдің еңбек министрі Эл-Хомридің атымен аталып кеткен заңға қарсы өтіп жатқан төртінші акция. Келесісі 1-ші және 3 -ші мамырда өтеді. Адамдар жұмысшыларға арналған жеңілдіктердің қысқарғанына наразы. Оған қоса, қызметкерді жұмыстан шығару ережелері жеңілдетілген. Сауалнамаға сәйкес француздардың 70 пайызы аталмыш заңға қарсы.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ