Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын қамауға алынды. Шенеунік облысты абаттандыруға бөлінген қаржыны қымқырып, аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр.
Қаржы полициясының мәліметінше, экс-әкімнің қалтасында кеткен қаржы Павлодар облысын көркейтуге демеушілер арқылы келген ақша. Қазір істің мән-жайы тергеліп жатыр.
Естеріңізге салайық, өткен жылы Ерлан Арынның кеңесшісін пара алды деген айыппен қаржы полициясы құрықтаған. Іле-шала әкім өз қалауымен отставкаға кетті.
Әлия ӘШІМ