Киевтің БТА банкі банкоматтардан қолма-қол ақша алуды шектемек. Тәуліктік лимит көлемі 1,5 мың гривенге азайды. Бұл туралы банктің ресми сайтында жарияланған.
Өзгеріс төлем карталары арқылы жүргізілетін іс-шараларды минимизациялау мақсатында жасалып отыр. Бұған дейін БТА банктің қолма қол ақша үшін тәуліктік лимиті 3 мың гривен болатын. Өткен аптада дәл осындай қадамға өзге де біраз банктер барған.
Сарапшылар алдағы уақытта да қолма-қол ақша алуға шек қоятын банктер саны артады, деп отыр. Елде экономикалық жағдай мүшкіл. Дәл қазір Киевтің сыртқы қарызы бірнеше миллиардқа жетті, ал АҚШ Үкіметі қаржылай көмек ретінде бар болғаны 1 миллиард доллар ұсынған.
Сымбат МОЛДАТАЙ