Күтпеген жәдігер. Мексиканың археологтары 15 метр тереңдікте жатқан үлкен қорымға кез болды. Ғалымдардың болжамы бойынша ол шамамен - 1500 жылдай бұрынғы жерлеу орны.
Кісі мазары Колима штатының Вилла-де-Альварес аймағынан табылып отыр. Балалар мен иттердің сүйектері, бақсының мүсіні - осы табыттан шыққан құнды жәдігерлер. Археологтар бақсыны «мазар қорғаушысы» ретінде жерлеуі әбден мүмкін дейді. Осы күнге дейін анықталған табыттардың басым бөлігі талқандалып кеткен.
Бұл мазардың ерекшелігі - оның бұзылмай сақталғанында. Ғалымдар енді тек балалардың сүйегін зерттеуге кірісті. Ал иттерге қатысты археологтардың айтары бар. Жеті қазынаның бірі Мексикада о дүниеге адамның рухын өткізуші ретінде қолданылған.
Сымбат МОЛДАТАЙ