Алматыда құрылыс материалдарын сататын - «Азат» сауда үйі отқа оранды. Төтенше жағдай жөніндегі қызметтің мәліметі бойынша, қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Адамдар дін аман. Оқыс оқиғадан сатушылар абдырап қалған. Куәгерлердің айтуынша, өрт күндізгі 11-ден өте басталған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төрт қабатты ғимараттан 45 адамды тысқа шығарды. Бір сағатқа жуық лаулаған өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен 80-нен аса маман жұмылдырылды. Өрт себебі әлі анықталған жоқ.
Ольга Петрова, куәгер:
Было три хлопка, редкий дым, и ничего дальше, начали все выбегать, спасать вещи, товар, технику. Паника, конечно, была, люди начали бегать, паника, начали вытаскивать вещи.
Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Құрылыс материалдары мен сауда үйіндегі кеңселер өртенді. Өрттің неден тұтанғанын Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің анықтау тобы анықтап жатыр.
Досжан МАРАТҰЛЫ