Алматыда зергерлік бұйымдар контрабандасымен айналысқан әйел ұсталды. «Шарджа-Алматы» бағытында ұшқан әуерейсіне кедендік бақылау жүргізген қызметкерлер күдіктіні оқиға орнында құрықтады.
Сақшылар Қазақстан азаматшасының сөмкесінен 200-ден астам қолдан жасалған қымбат бұйымдар тәркіледі. Ақ-сары түсті алқа-сырғалардың жалпы салмағы 1 келіден асады. Қазір аталмыш оқиға бойынша Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тергеу алды амалдарын жүргізуде.
Әлия ӘШІМ