Шығыс Қазақстанда төтенше жағдайдың алдын алу шаралары күшейтілді. Күн жылып, қар ерігелі арықтар суға толып, кейбір өзендер арнасынан аса бастаған. Өскеменнің өзінде су алу қаупі туып тұрған 5 аудан бар. Табиғи апаттың алдын алу мақсатында төтенше жағдай қызыметкерлері үй-үйді аралап, сақтық шаралары жазылған ескерту парақшаларын таратты. Барлығы мың жарым парақша таратылды.
Тұрғындар маңайларындағы арықтардың арнасын ашып, өзендерді өз беттерінше күл-қоқыстан тазарта бастаған. Мамандардың айтуынша, биыл күн райы да өте қолайлы, біртіндеп еріген қар елді мекендерге аса қауіп төндірмейді.
Сұлтан Ахметов, Өскемен қалалық ТЖД бөлім басшысы:
Адамдарды сақтық шараларын қабылдауға, сақтауға шақыратын парақшалар тараттық. Cу басқанда қайда хабарласу керек, есік алдын, су арықтарын қоқыстан тазарту және оны тастамау сияқты қауіпсіздік жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Қанат ОРАЛБЕК