Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысының 105 жастағы тұрғыны дауыс берді

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2016
  • 1840

Жамбыл облысының халқы да бүгінгі сайлауда белсенді. Аймақ бойынша 525 мыңнан аса сайлаушы бар. Оның ішінде 147 мыңға жуығы - Тараз қаласының тұрғыны. Сайлаушылар үшін өңірде барлығы 464 сайлау учаскесі ашылған. Өңірдегі 105 жастағы қария да саяси науқанға үн қосты. 

Жібек Тұрғынтаева, Тараз қаласының 105 жастағы тұрғыны:

Сайлауға қатыстым. Дауысымды бердім. Еліміздің келешегі үшін жақсылық бола берсін. Лайым алға жүре берсін, Қазақстан!

Сайлау барысын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 14, ал ТМД елдерінен 8 байқаушы өңірге арнайы келген.

Елена Любушкина, ТМД миссиясының байқаушысы /Ресей/:

Тұрғындар өте белсенді. Сайлауды өткізу жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ашық, әрі демократиялы. Бұдан бөлек, адамдардың отбасымен, балаларымен бірге келуі қатты таңғалдырды. Қуантатыны да осы. Бұл дегеніміз, патриоттық тәрбиемен жаңа буын өсіп келеді деген сөз.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, аймақта барлық деңгейдегі мәслихаттарға 545 үміткер бар. Ал депутаттық мандат 205. Бұл күні облыс бойынша 5 жарым мыңдай тұрғын үйде дауыс береді. Бұдан бөлек облыстың 740 тұрғыны есептен шығару куәлігін алған.