Оралдағы бастауыш сынып оқушыларының бір жыныстылар арасындағы махаббат туралы ертегіні оқу өрескел қателік болып табылады. Бұл туралы бүгін арнамызға Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді. 
 
Мұндай олқылық Орал қаласындағы мектептердің бірінде орын алғаны туралы кешегі хабарымызда айтқанбыз. Сыныптан тыс оқуға берілген екі ертегі де біржынысты махаббатты дәріптейтін көрінеді. 
 
Вице-министрдың айтуынша, ұстаз ұсынылған әдебиетті интернеттен іздеуде авторлардың атын шатастырған. Зоя Петрова атты автордың шығармалары орнына Сионелла Петрованың ертегілерін жүктеген. 
 
Базаргүл ОТЫНШИЕВА