Барак Обама өзгелерді Америка ережесіне бағындыруға ниетті. АҚШ президенті «The Washington Post» басылымына берген сұхбатында осындай пікірін ашық айтады.
Оның сөздерінің Тынық мұхиты арқылы жасалатын сауда-саттық желісіне тікелей қатысы бар. Құрамына 58 мемлекет кіретін коммерциялық аумақ әлемдегі ең ірі сауда орталығына айналып келеді. Сондықтан Америка онда билік жүргізуге мүдделі. Немістің «Süddeutsche Zeitung» басылымы жариялаған ақпарға қарағанда, Обама тіпті Еуропаны да ығыстыруға дайын көрінеді. Қысқасы, ресми Вашингтон атлантикалық сауда-саттық пен инвестициялық әріптестерін сол жаққа тартуды жоспарлап отырған сыңайлы.
Құралай ПИОНЕР