Астанада Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің мақсаты - қала тұрғындарына сапалы өнімді төмендетілген бағамен сату.
Шараға көршілес елдерден де кәсіпкерлер қатысуда. Көрме-жәрмеңкеде түрлі сыйлық жиынтықтары, кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдар, денсаулыққа және үйге арналған тауарлар көпшілік назарына ұсынылды.
Шыңғыс Жағыпаров, көрме ұйымдастырушысы:
Бүгінгі көрме жәрмеңкеміз Наурыз мейрамына байланысты ұйымдастырылуда. Біз сатушылармен байланыс орнатып тауар бағасына жеңілдіктер жасадық.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА