Мереке күндері Астана қаласындағы көп қабатты үй құбырынан жасыл түсті су ағып тұрғындарды әуре-сарсаңға салды. Әбігерге салынған тұрғындар бір күн тіршілік нәрінсіз отырған. 
 
Мерекелік демалысты құр жібермеу мақсатында Мөлдір жиналған кірмен ыдыс-аяқты жууға белсене кіріседі. Алайда, оның жұмыс жасауына құбырдан аққан жасыл су қолбайлау болады. 
 
Мөлдір Шағырбай, Астана қаласының тұрғыны: 
 
24 наурыз күні біздің краннан осындай сары су ақты. Атқарушы органдарға хабарласпадым. Өйткені, мереке күндері болатын. Кешке дейін құбырдан осы сап-сары су ақты. 
 
Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында біз «Астана су арнасы» МК хабарласқан едік. Алайда, олар бұл жөнінде білмейтіндігін және аталмыш сынамаға «Астана-Теплотранзит» АҚ жауап беретіндігін мәлімдеді. 
 
Мамандарың айтуынша, аталмыш шара 3 жылда бір рет жылу желілеріне және жылу энергиясын тұтынушылардың объектілеріне жүргізілетін бітеулікке сынау болып табылады. 
 
Сергей Голев, «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: 
 
Құбырдан аққан сары судың ешқандайда зияндылығы жоқ. Бұл шара құбырлардың бітеулігін сынау мақсатында жүргізіліп жатыр. Егер біз бұл жұмысты жүргізбесек тұрғындар тазартылмаған су ішеді.