Русский Сайттың толық нұсқасы

«ЭКСПО-2017» компаниясына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталуға жақын

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2016
  • 1712

Атышулы «Экспо» ісіне қатысы бар тағы бір азамат Қуаныш Медеуов өзіне психологиялық қысым жасалғанын айтады. Бүгін сот алдында жауап берген ол барынша ақталуға тырысты. Өзіне қоқан-лоққы көрсетілгенін айтты. Тергеу мәліметі бойынша, Медеуов те Ермегияев бастаған қылмыстық топтың құрамында болған. Испаниялық компанияның мүддесін қорғаған ол тиісті құжаттарды реттеп, мемлекет қазынасына 1 млрд 75 млн теңге көлемінде шығын келтірді деп айыпталып отыр. 

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталуға жақын. Сотқа тартылған 24 адамның 14-і кінәсін мойындады. Айыпталушылардың қорғаушылары сотқа куәгер ретінде бірқатар жоғары шенділердің де шақыртылуын сұрады. Олардың арасында Ұлттық банктің экс-басшысы Қайрат Келімбетов, халықаралық көрменің комиссары Рәпіл Жошыбаевтар  бар. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА