Русский Сайттың толық нұсқасы

Детройтта мұғалімдер жұмысқа шықпай қалды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2016
  • 1567

АҚШ-тағы атышулы банкрот қала Детройтта жүздеген ұстаз жұмысқа шықпай қалды. Салдарынан  97 мектептің 94-де сабақ өткен жоқ, - деп хабарлайды Рейтерс. Ұстаздардың «мінез» көрсетуіне жалақының төмендігі, нашар материалдық база мен сыныптардағы оқушылар санының көптігі себеп болған. Білім ошақтарына  бөлінген бюджет қаражатының маусым айында таусылатыны туралы ақпарат жағдайды тіпті ушықтырды. Яғни ұстаздар жалақысыз қалуы мүмкін.

Мичиган штатының заңы бойынша мұғалімдерге ереуілге шығуға болмайды. Соныдықтан олар жаппай «ауырып» қалған. Сөйтіп, 50 мың оқушыға сабақ өтілмей қалды. Мәселенің қашан шешілері белгісіз. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ