Дональд Трамп республикашылдар партиясының атынан АҚШ-тағы президент сайлауына түсетін жалғыз кандидатқа айналды. Индиана штатындағы сайлаушылардың 50% астамы миллиардерге дауыс берген. Трамптың қарсыласы, республикашылдар атынан додаға түсуге ниетті тағы бір үміткер Тед Круз праймеризден кейін сайлау бәсекесінен шығып қалды, - деп хабарлайды Рейтерс.
Ал демократтар Хиллари Клинтонмен бірге халықтың 52% дауысына ие болған Берни Сандерске үміт артып отыр. Дегенмен, Вермонт губернаторына қарағанда, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысының бәсі басым, дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, сайлаушы-демократтардың арасында кеңінен танымал Клинтон Сандерсті артқа тастаған көрінеді. Демократтар сайлауалды тартыстың келесі кезеңін 7 мамыр күні өткізеді деп жоспарланып отыр.
Еркін КАРИН