Қос бірдей ведомствода кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Энергетика вице-министрі болып 49 жастағы Ғани Сәдібеков тағайындалды. Мамандығы - экономист, заңгерлік білімі де бар.
Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Алматы және Алматы облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау қызметтерінде жетекшілік еткен. Павлодар және Жамбыл облыстарында әкімнің орынбасары болды. Вице-министр экология мәселелеріне жауап бермек.
Инвестициялар және даму министрінің де жаңа орынбасары бар. Бұған дейін инвестиция комитетінің төрағасы болып қызмет еткен 38 жастағы Ерлан Хайыров вице-министр болып тағайындалды. Оның мемлекеттік органдарда ішкі экономикалық қызмет бойынша тәжірибесі мол.
Құралай ПИОНЕР