Қытай билігі экс-министр Чжоу Юнканды активтерінен айырды. Тәркіленген құнды қағаз - 90 миллиард юань немесе 14,5 миллиард долларға тең.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Чжоу Юнкан жемқорлыққа жол берген. Соңғы төрт айда осы дауға қатысы бар деген күдікпен шенеуніктің 300-ге жуық туысы мен әріптесі ұсталған. 71 жастағы қоғамдық қауіпсіздік экс-министрі үй қамақта отыр. 51 юань тұратын құнды қағазы мен 1,7 миллиард юань тұратын вилласынан айрылды. Шенеуніктің 60 көлігі және құны 1 миллиард юаньға тең антиквариаты да мемлекет меншігіне өтті.
Сымбат МОЛДАТАЙ