Оралда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тұтқында болған қарттар 1-мамырдан бастап, коммуналдық төлемдерден босатылатын болды. Бастамашылар бұл ұсынысын Жеңіс мерекесінің 70 жылдығына арнапты. 
 
Бүгінде Оралда 232 соғыс ардагері мен 30-ға жуық тұтқында болған қариялар тұрады. Жыл санап қатары сиреген қарттар үшін бұл - едәуір жәрдем. Мұндай шешімді Орал қалалық мәслихаты қабылдапты. Мамандардың дерегіне сай, әрбір қария ай сайын коммуналдық қызметтерге кемінде 9-10 мың теңгеге шығындалады. Енді олар бұл ақшаны басқа керегіне жұмсауға мүмкіндік алмақ. 
 
Айта кетейік, мұндай жеңілдіктің шапағатын тек қала тұрғындары көреді. 
 
Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі: 
 
Бұл сұрақ көптен бері көтеріліп жүр. Соны біз бюджеттен қарастырып, қазір сондай мүмкіндік таптық. Бұл ардагерлерімізге деген едәуір құрмет болады деп есептейміз. 
 
Еркін ҚАРИН