Астаналықтар Көкпекті халқына көмекке ұмтылды. Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылына бүгін елордадан 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Онда жылы киім-кешек, жуғыш құралдар мен тұрмысқа аса зәру өзге де заттар бар.
Елді мекендегі үйлердің жертөлелерін де су басып қалғаны белгілі. Осыны ескерген Елорда әкімдігі азық-түліктің мол қорын жіберіп отыр.
Еске сала кетейік, 31 наурызға қараған түні Қарағанда облысы, Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылының маңындағы су қоймасы жарылып, су тасқыны салдарынан 300 үйді су басып, 5 адам опат болған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА