Билік басында ауыс-түйіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент әкімшілігінің жетекшісі болып Нұрлан Нығматулин тағайындалды. Ол бұған дейін Мәжіліс төрағасы лауазымын атқарғаны белгілі.
Сондай-ақ, Әділбек Жақсыбеков Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Бүгінге дейін ол Қорғаныс министрлігін басқарған. Бұл жөнінде Ақ Орданың «Твиттердегі» ресми парақшасы ақпарат таратты.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА