Сондай-ақ бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасы сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында поляк көшбасшысы А.Дудамен кездескенін еске алды. Сол кезде Польша Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен келуге шақырған. Бұл біздің достық қарым-қатынастымызды одан әрі тереңдете түсудің жаңа мүмкіндігіне айналады деп үміттенемін, - деді Президент. Өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Польша басшылығы Қазақстан Президентінің Варшаваға сапарын күтіп отырғанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мы относимся с большим уважением к тому, что делается в Польше. Развитие Вашей страны в Европе особо выделяется, и мы хотим иметь близкие экономические и политические отношения с Варшавой.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ