Астана көшелерін жөндеуге жұмыссыз азаматтар тартылады

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2016
  • 1401

Астана көшелеріндегі жөндеу жұмыстарына тартылған азаматтарға 60 мың теңгеден жоғары жалақы төленетін болады. Бұл жөнінде Астана арнасына «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Олжас Омар хабарлады. Қазірдің өзінде 137 адамға жұмыс бар екені белгілі болып ортыр.

Айта кетсек, биыл елордада 5 көше толықтай жөндеуден өтуі тиіс. Олар - Абылай хан, Иманбаев, Мұстафин, Нәжімеденов және Отырар көшелері. Құрылысқа бюджеттен 800 млн теңге бөлінген. Әкімдік жол жөндеуге тек жұмыссыз азаматтарды тартуды ұйғарған. Әрине, бірінші кезекте «Жұмыспен қамту орталығына» өтініш тастаған азаматтар алынады. Жалпы биыл «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында Астанада 1133 адамға жұмыс орнын ашу жоспарланған. 

Олжас Омар, Астана қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры:

Жалпы жыл басынан бері бізге 4600 адам келген. Соның ішінде 3200 адамды біз мемлекеттік қолдаумен жұмысқа орналастырдық. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы талабы бойынша құрылысқа, жол жөндеу жұмысының 50 пайызы «Жұмыспен қамту орталығы»-на хабарласқан адамдардың саны болуы керек.

Құралай ПИОНЕР