Миллиардер, әрі медиамагнат Сильвио Берлускони енді қарттар үйінде жұмыс істейді. Италия соты атышулы саясаткерді дәл осылай жазалауы әбден мүмкін.
Елдегі бірнеше қарттар үйі саясаткерді жұмысқа шақырып үлгеріпті. Заңгерлердің айтуынша, бұрынғы премьер-министрді жұмысқа шақырған мекемелер оның өз міндетін аптасына бір рет орындауын қалаған.
Еске салайық, қаржылық қитұрқылыққа салып, салық төлеуден жалтарғаны үшін саясаткерді Италия соты 4 жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды. Кейін бұл мерзім бір жылға қысқартылды. Бірақ Берлускони өзін тәртіпті ұстаса, 9 айдан кейін бұл жазадан сытылып кетуі мүмкін. Қайткен күнде де, егде жасына байланысты Берлускони темір торға жабылмайды. Оның жасы қазір 77-де. Ал нақты сот шешімі ертең белгілі болады.
Сымбат МОЛДАТАЙ