Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысы басшысы ардагерлерге құрмет көрсетті

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2016
  • 1585

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қарт жауынгерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға 45 майдангер қатысты.

Ардагерлердің еңсесі биік, қадамы нық. Бір-бірімен қуана қауышып, қан майданда қайсарлық танытқан жігерлі жастық шақтарын еске алысты. Қарт жауынгерлерге облыс әкімі мен «Астана» аймақтық қолбасшылығының командирі  жылы лебізін арнады. Ардагерлердің әрқайсысына сый-сияпат тапсырылды.

Ұлы Отан соғысына бұл өңірден 45 мың адам аттанған. Соның он сегіз мыңы оралмады. Шайқаста ерлік көрсеткен 18 азамат Кеңес одағының батыры атанды. 

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Сіздер сұрапыл соғыс жылдарында барлық қиындықты бастан кештіңіздер. Ерен ерліктеріңіздің арқасында міне 71 жыл бейбіт өмір кешіп келеміз. Және осы бейбіт өмір мәңгі жалғаса беруін тілейміз.

Алексей Лысяк, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Қатарда жүрген қарт жауынгерлерге денсаулық пен ұзақ  ғұмыр тілеймін. Ал жастарға айтарым - үлкендерді ұмытпасын, ардақтасын. Жастардың тірегі -  ел Конституциясы мен ақсақалдардың  ақ батасы.

Заңғар САНАЙ