Астанада белгісіз ер адам пойыз астына түсіп қалды. Оқиға Қырқыншы стансаның аумағындағы болған. Осы маңда теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған ер адам «Петропавл-Алматы» бағытындағы «Тальго» электр пойызының астында қалып қаза тапты. Әзірге марқұмның жеке басы туралы мәліметтер анықталуда.
Сондай-ақ, кешегі тәулікте Астанада 6 құрылысшы биіктіктен құлап, жарақат алды. Олардың барлығы қазір ауруханада жатыр.
Илхам ИБРАГИМ