Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстіктің шаруалары Елбасының шешімін қолдайды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2016
  • 2009

«Халыққа ұнамайтын заң керек емес!». Елбасының осы сөзі қызылжарлықтардың көңілінен шығып отыр. Ауыл шаруашылығы саласының жілігін шағып, майын ішкен маман Құдайберген Қалиевтің айтуынша, диқандардың өзі де жер кодексіне енгізілген өзгерістерді бүге-шүгесіне дейін біліп үлгермеген. Демек, халық арасындағы үгіт-насихат жұмыстарын әлі де жетілдіру керек, деп санайды ол. 

Құдайберген Қалиев, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы:

Әрбір ауылға бару керек, әрбір осы жердің хозяиндарымен кездесу керек, қожаларымен. Соларда түсіндіріп, содан кейін барып тұрып, жоғары шығу керек. Халық не айтады? Мүмкін, халықтың тағы да қосатындары бар шығар. Үгіт-насихат жұмысын жандандыру керек. Басқа бұл мәселені шешетін басқа жағдай жоқ деп ойлаймын. Президент халыққа шығып, осыны айту үшін, ойланып, толғанып, осындай шешімге келіп отыр. Бұл дұрыс шешім.

Абзал ҚҰРМАНКИН