Латын Америкасының әдебиеті аты әлемге мәшһүр тұлғасынан айырылды. Әйгілі колумбиялық жазушы, Нобель сыйлығының иегері - Габриэль Гарсиа Маркес 87 жасында өмірден озды.
Жазушы Мехикода, туыстарының ортасында көз жұмған. Ал бір апта бұрын ол ауруханадан шығарылған еді. Оның өкпесі сыр берген болатын. Дәрігерлер науқас ем-домды үйінде жалғастырады деген.
Габриэль Гарсиа Маркес 60 жылдардағы Латын Америкасы әдебиетіндегі жарқын тұлғалардың бірі. Оның әлемді шарлап кеткен ең әйгілі туындысы - «Жүз жылдық жалғыздық» романы.
Айгүл ӘДЕПБАЙ