Премьер-министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын» басқарады. Үкімет басшысы ендігі жерде Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатта «Үкімет Қаулысымен «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, кеңес Төрағасы болып Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов тағайындалды. Басқа қызметке ауысуына байланысты Серік Ахметов оның құрамынан шығарылды», - делінген.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА