Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Ақпарат Ақ орданың ресми сайтында жарияланды. Уәлиев «А» корпусының кадр резервінде тұрған шенеунік. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін аяқтаған. Ол 92 жылдан бастап түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерді атқарған. «Құрмет» орденінің иегері.
Айгүл ӘДЕПБАЙ