«Мәңгілік ел» идеясы шекара асып, көршілес Ресейдегі этникалық қазақтарға жетпек. Мұны жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері белсене атсалыспақ.
Ассамблея төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков жуырда өткен 21-сессия жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында осыны мәлімдеді. Айтуынша, көрші елдің Саратов, Астрахань, Орынбор және Қорған аймақтарын аралау көзделіп отыр. Аталған аймақтарда 1 миллионнан астам қандастарымыз өмір сүруде.
Ассамблея мүшелері сонымен қатар мемлекеттік тілді еркін меңгеру мәселесінің басты назарда тұрғанын айтты.
Ералы Тоғжанов, ҚХА хатшылығының меңгерушісі:
Қазақ тілін білуге байланысты Ассамблея мүшелерінің арасында бүгінде ешқандай сұрақ жоқ деп айтуыма негіз жоқ деп айта аламын. Бүгінде 1900-ден астам Ассамблея мүшелері біздің қазақ тілімізде таза сөйлеп жатыр. 423 мыңнан аса жастар мемлекеттік тіл аясында білімдері бар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ