Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында тасқыннан бүлінген көпірлер қалпына келтіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2015
  • 1577

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан бүлінген көпірлерді жөндеу жұмыстары басталды. Өткен хабарларымыздың бірінде үш бірдей елдімекеннің халқы аралда қалғандай күн кешіп жатқанын айтқан едік. Қазір Снегирево, Привольное және Құйғын құдық елдімекендерінде жөндеу жұмыстары қарқын алған. «Қазавтожол»  мекемесінің мамандары көпірлер қарашаның соңына дейін жөнделіп бітеді деп отыр. Олар жұмыстың жаз мезгілінде қолға алынбау себебін тендердің тым кеш өтуімен байланыстырады.Республикалық маңызға ие жол мен көпірлердің құрылысына 200 миллион теңге қаралған. Құрылысқа жауапты азаматтар желтоқсан айында жұмыстар аяқталып, ауылдармен байланыс толық қалпына келеді деп сендіріп отыр. 

Олжас Ахметов, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ШҚОФ пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы:

Снегирево көпірінде 20 адам, Қарасуда 12, ал Шаған арқылы өтетін көпірде тағы 12 адам жұмысқа кіріскен. Өткелдердің бекемділігін арттырып жатырмыз. Көктемгі тасқыннан сабақ ала отырып, келесі тасқынға төтеп беретіндей етіп жөндейтін боламыз.