Сенатор Светлана Жалмағамбетова атбасарлықтарға қаржылай көмек көрсетуге үндеді. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке тиісті сауалын жолдады. Айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарына 2,4 миллиард теңге қажет. Сондай-ақ, Сенатор әріптестерін бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге аударуды ұсынды.
Айта кетейік, Ақмола облысының Атбасар ауданында 500-дей үй қызыл судың астында қалды. 17 үй қирап, 164 баспана тұруға жарамсыз деп танылды. Тағы 307-сі күрделі жөндеуді қажет етеді.
Светлана Жалмағамбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ал енді біз депутаттар, мен өз әріптестеріме, депутаттарыма үндеу жарияладым. Оның ішінде мәжіліс депутаттары да қосылады. Бір күндік жалақыларымызды осы фондқа аударамыз.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА