Жер сілкінісі болған аймақтарда құтқару жұмыстары жалғасуда

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2015
  • 1758

Ауғанстан, Пәкістан мен Үндістанда болған жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою жалғасып жатыр. Бұл аймақтарда  құтқару жұмыстары да жүргізілуде. Соңғы ақпар бойынша 400-ге жуық адам зардап шеккен. Алайда, бұл көрсеткіш әлі өсуі ықтимал. Өйткені үйінді астында қалғандардың саны аз емес. Оған қоса құтқарушылар шалғай жатқан аудандарға жете алмай әлек. Бұл аздай тәліптердің лаңкестік шабуылдары жиілеп тұр. Айта өтейік, жер дүмпулерінің  қуаты мен қауіптілігі тым жоғары. Адамдар баспаналарын тастап, ашық аспан астында түнеуге мәжбүр. Табиғи апат Үндістанның солтүстігінде де сезілді. Еске салайық, Пәкістанда  соңғы рет жойқын жер сілкінісі 2005 жылы тіркелген. Онда 80 мың адам қаза тапты.