Астанада «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін оқу-жаттығуларға, сондай-ақ көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына қатысуға дайындау мәселелері талқыланды.
"НАТО-ның 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингентті БҰҰ мен НАТО стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды зерделеу, штаб офицерлерін оқыту және киберқауіпсіздік мәселелері кіреді", - деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.