Ғылыми-техникалық инновация саласында бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша Қазақстан 84-орында. Бүгін Сенатта Білім мен ғылымға негізделген экономика тақырыбында өткен отырыста Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерлан Кенжеғалиев осындай мәлімет келтірді.
Оның айтуынша, соңғы үш жылда үш мың инновациялық жоба сүзгіден өтіп, 753-не 12 миллирад теңге қолдау көрсетілген. Сондай-ақ 9,3 миллиард теңге қайтарымсыз грант 210 жобаның иесіне тапсырылған. Нәтижесінде рейтингте 18 позицияға ілгерілеппіз.
Инновация бойынша өзге де әлемдік рейтинг көрсеткіштеріне тоқталсақ, Қазақстан зерттеу институттарының сапасы бойынша 102-орында, ғалымдар мен инженерлердің жеткіліктілігі бойынша 98-ші, соңғы технологиялардың қолжетілімділігі бойынша 88-ші, Жоғары оқу орындары мен өндірістің байланысы бойынша 79- орында.
Ерлан Сағадиев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министірінің орынбасары:
Бізден жиі сұрайды. Әлемді жаулаған инновациялық өнімдерің қане деп. Біздің де жүрегіміз ауырады. Барынша тырысып жатырмыз. Ондай өнімдер рейтінгтегі 10-15 орындағы елдерде шығатынын түсінуіміз керек.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА