Қостанайлық полицейлер жоғалған жеті жасар қыз туралы қандай да бір мәлімет бергендерге миллион теңге сыйақы төлеуге әзір. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті ақпарат таратты.
Виктория Ганя 24-ші сәуірде Рудный қаласында өз үйінің ауласында ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті. Іздестіру шаралары жалғасуда. Ішкі істер басқармасы еріктілерге іздеу шараларын полициямен келісе отырып, жүргізуге өтініш білдіріп отыр.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ