"Үрімшідегі темір жол вокзалында жарылыс болды, жарақат алғандар бар", - деп Интерфакс агенттігі хабарлады. Қазір полиция оқиға орнын қоршауға алған, ал пойыздар қатынасы тоқтатылған.
Оқиға Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Шыңжан-ұйғыр автономиялық ауданына сапары тұсында болды деген ақпарат бар.
С.АБДИЕВ