Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтуде. Ал Астанадағы думан ордасы - "Қазақ елі" алаңы.
Қауымды мерекемен құттықтауға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келді. Бас шаһарда ұлыстар достастығы мерекесіне орай этноауыл құрылып, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Астанадағы мерекелік шара жан-жақты әрі мазмұнды өтіп жатыр. Сондай-ақ, бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары алыс-жақын шет елден келген 700-ден астам әртістің өнерін тамашалайды.
Кейін Қазақстан ұлыстарының қолданбалы өнер және тұрмыстық бұйымдары көрмесі ашылып, спорт жарыстары ұымдастырылады. Сән-салтанатымен өтіп жатқан мереке туралы репортажды қорытынды жаңалықтарымыздан көре аласыздар.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА